Ізгілік пен адалдық иесі
Ақжарма ауылдық кітапханасының "Коворкинг" орталығында "Өлке болып оқимыз" жобасы аясында жергілікті ақын Сейітмұрат Ембергеновтың шығармашылығын насихаттауға арналған әдеби кеш болып өтті.
"Даналық дариясындағы жырлар" тақырыбында өткен кеште адамзаттың рухани болмысының кісілік қасиеттері жайлы және ақынның туып-өскен ауылының тыныс-тіршілігі, бүгінгі ел ағалары жайлы жыр толғаулары сөз етілді. Ақын С.Ембергеновтың ізгілік пен адалдықты, туған жерге деген сүйіспеншілікті дәріптеген жыр жолдары оқылды.
Мектеп оқушылары ақынның "Ана тілім ардағым", "Ұрпаққа ұлағат", "Алланы тану имандылық", "Туған ел", "Қазақпын", "Көктем", "Мамыр", "Гүл" т.б өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. "Үкілі домбыра" үйірмесінің қатысушылары "Еркем-ай" әні мен "Көзімнің қарасы" атты өлеңдерін нақышына келтіріп орындады.
Кітапханашы "Төгілген сыр шежіре қаламынан" атты кітап көрмесі арқылы ақынның шығармашылығын таныстырды.
Оқырмандар Б.Өксікбаева мен П.Асқарова ақын жырларының ерекшеліктеріне тоқталып, тарих көшімен ілесіп келе жатқан поэзияның ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқанын айтты.
Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ