Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 96 газет

10 желтоқсан 2019 ж.

№ 95 газет

07 желтоқсан 2019 ж.

№ 94 газет

04 желтоқсан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӨЛЕҢІМ-ӨМІР АЙНАСЫ

ӨЛЕҢІМ-ӨМІР АЙНАСЫ


ІІІ Интернационал ауылдық кітапханасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар-Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында "Туған өлке мәдениеті, өнегелік құндылықтар" базалық жобасын жүзеге асыру мақсатындағы "Жауһар жыр" жобасы аясында, оқырмандарды ақынның шығармаларын насихаттау, ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту мақсатында "Өлеңім-өмір айнасы" атты ақын, ардагер-ұстаз О.Тынымбаеваның қатысуымен сыр-сұхбат кеші болып өтті. Кешті кітапханашы Р.Тұрманова жүргізіп отырды. Кешті ауыл әкімі А.Тұрмаханұлы және бейне көпір арқылы байланысқа шыққан Қармақшы Аудандық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры К.Қаниева сөз сөйлеп ашып берді.
  Ақынға оқырмандар тарапынан сұрақтар қойылып, ақынның әңгімелерін тамашалап тыңдаған оқырмандар ерекше әсерде болды.
Рухани кеште ақынның өлеңдері оқылып, күйлер тартылып,әндері орындалды.
Кешке қатысқан жанұясымен оқитын оқырман,зейнеткер Д.Төлегенов,бірге жүрген досы әрі әріптесі М.Теңгебаева ақын жайлы өз пікірлерін білдірсе, ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Мұхтаров ақынға шығармашылық табыс тілеп,жастарға ақ батасын берді.
Шара барысында кітапханада ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылып, ақын туралы бір үзік сыр шертер бейне ролик көрсетілді.
Шара соңында кешке белсене қатысқан оқырмандарға ауыл әкімінің арнайы Алғыс хаты табыс етіліп,ақынға кітапхана атынан сый-сияпат тарту етілді.

16 мамыр 2018 ж. 488 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам