Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Отбасылық ансамбль байқауынан бас жүлде!

Отбасылық ансамбль байқауынан бас жүлде!

Кеше Қазалы ауданында Сыр мәдениетінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып, өзіндік із қалдырған күйші, қобызшы, музыкант Махамбет және Раманқұл Әуезовтер атындағы "Қастерлеп жүрсін өнеріңді ұрпағың" атты отбасылық ансамбльдер арасындағы облыстық байқау өтті.

Байқауға Сырдария ауданының атынан аудандық мәдениет үйі жанындағы Сәдуақасовтар халықтық жанұялық ансамблі қатысып, бас жүлдені иеленді. Сондай-ақ осы байқауға қатысқан Шаған ауылдық мәдениет үйі жанындағы Сарыбаевтар халықтық отбасылық ансамблі де жүлделі 3 орынды қанжығасына байлады.

Өнерлі отбасылардың көрермен назарына ұсынылған әндеріне қазалылықтар ризашылықтарын білдіріп, зор қошеметке бөледі. Ұйымдастырушылар тарапынан арнайы диплом мен сыйлық табысталды.

"ТТ ақпарат
08 қараша 2019 ж. 1 953 0