Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жұбан Молдағалиевтің туғанына қанша жыл болды?

Жұбан Молдағалиевтің туғанына қанша жыл болды?

Қазақтың көрнекті ақыны Жұбан Молдағалиевтің туғанына келесі жылы 100 жыл толады. Ақын өзінің саналы ғұмырында мәні мен мағынасы зор туындылар жазып, әдеби ортада өзіндік орнын қалыптастырды. Осыған орай, аудандық Оқушылар үйі мен «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен аудандық сайыс өтті.
Өлеңге құштар жас әдебиетшілер сайысы екі кезеңнен тұрды. «Өмірім өлеңменен өрнектелген» атты бірінші кезеңде оқу­шы­­­лар ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Ал, «Жырлайды жүрек» тақырыбындағы екін­­­ші кезеңде талапкерлер Жұбан Молда­ғалиевтің сөзіне жазылған әндерді орындады.
Ақын өлеңін жатқа оқу кезеңінде қаты­­­­су­­шылардың арасында №42 Қ.Баймаған­бетов атындағы мектеп-лицей оқушысы Лаура Балғабай оқыған үш өлеңін де көрі­ніспен әспеттеп, көрермен көңілінен шық­ты. Оның өлең оқу мәнері, тақырыпты терең­нен сезінуі және дайындығы өзге талапкерлерден жоғары екені байқалды. Нәти­­­­жесінде, ол бірінші кезеңде жоғары ұпайға ие болды. Сондай-ақ, ақынның «Қа­­­зақ» атты өлеңін жатқа оқыған №129 Ә.Жәмішев атындағы мектеп-лицейдің оқу­шы­­сы Зехра Қуаныш жақсы қырынан танылып, талапты, білімді оқушы ретінде ерекшеленді. Осылайша, жүлделі бірінші орын Аманкелді және Шіркейлі ауылының атынан қатысқан қос талапкерге берілді.
Ал, екінші орынды №174 орта мектептен келген Дильназ Кеңесова мен №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектептің оқушысы Досымжан Алмабеков иеленді. Жүлделі үшінші орынға №174 орта мектептің намысын қорғаған Сандуғаш Нұрланқызы мен №191 орта мектептің оқушысы Жаннұр Әбдікәрімова лайық деп танылды.
Екінші кезең жеңімпаздарын атап айтатын болсақ, бірінші орынды №139 орта мектеп оқушысы Қарақат Ыдырыс пен №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицей оқушысы Сәулет Қайып, екінші орынды №135 А.Тоқмағамбетов атындағы орта мектептің оқушысы Айсара Қайратқызы пен Шаған ауылындағы №37 мектеп-лицей оқушысы Ертуған Орынбасарұлы иемденді. Қазылар алқа­сының шешімімен №131 Т.Қозыбаев атын­дағы орта мектебінің оқушысы Салтанат Маратова мен Іңкәрдария ауылындағы №191 орта мектеп оқушысы Сымбат Әб­сә­ләмға үшінші орын берілді. Сайысқа қа­ты­сып, өздерінің білімдерінің негізінде биік белесті бағындырған оқушылар арнайы дипломмен марапатталды. Осылай­ша патриоттық өлеңдерімен халық жү­­­­ре­­гінен орын алған дарынды ақын Жұбан Молдағалиевтің құрметіне ұйым­дас­тырылған іс-шара жоғары деңгейде қорытындыланды.

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
19 қазан 2019 ж. 1 284 0