Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АҚЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛДЫ

АҚЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛДЫ

АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАДА ОБЛЫСТЫҢ МАҢЫЗДЫ ІСШАРАЛАР ЖОСПАРЫНДА СӘЙКЕС ҚАЗАҚТЫҢ КӨРНЕКТІ АҚЫНЫ ӘБІЛДА ТӘЖІБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 110 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ «ӨЛКЕ БОЛЫП ОҚИМЫЗ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «СЫРДА ТУҒАН СЫРБАЗ АҚЫН» АТТЫ ӘДЕБИ ЖЫР КЕШІ ӨТТІ.
Осы орайда «Өлке болып оқимыз» жобасы туралы бірер сөз. Бұл жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын Сыр бойы жұртшылығына тереңірек жеткізу, кең көлемде насихаттаудан туындаған бастама. Осы жоба аясында 2016 жылы қырғи тілді ақын А.Тоқмағанбетов, 2017 жылы үлкендер мен балаларға арнап жазған керемет шығармалар иесі, нағилық Т.Дәуренбеков және 2018 жылы Аманкелді ауылының тумасы, ақын Қ.Баймағанбетовтың жыр жауһарлары көпшілік қауымның назарында болса, 2019 жылы Ә.Тәжібаевтың алмастай жарқылдаған жырларымен қоса басқа да шығармаларын жыл бойы насихаттап, ақын рухын жаңғырту мақсат етіліп отыр.
Ақын, драматург, филология ғылымының докторы, Қазақстан Халық жазушысы Ә.Тәжібаевтың қуатты да, бай мұрасы уақыт өткен сайын өз құндылығын жоймай, қайта тартымдылығы артып, өнегелі өрісі ұлғая түсуде. Бұл тағылымды кеш барысында айқын көрініс тапты. Кітапхана қызметкері Р.Құлмаханова жасөспірім оқырмандармен бірге ортаға шығып, ақынның Отан, туған жер туралы өлеңдерін жатқа айтты. Аудан орталығында орналасқан №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейдің оқушылары ақиық ақын Асқардың Әбділда інісіне арнаған жалынды жырын шабытта оқыды.
Қош келіпсіз ауылға,
Ақын інім Әбілда.
Бір жағында Қараөзек,
Қыр жағыңда Онділдә.
Сырың мына толқыған,
Арқау болған ән-жырға.
Құлашымыз кең жатыр,
Сыр деп келсең сен мұнда,-дейді Асекең.
Бұл жырдағы Қараөзек Сырдың бас саласының бірі. Оның бойында Әбілда ақын дүниеге келген. Ал Қыр жағында Онділдә деген ақиық ақын Асқар ауылының үстімен өтетін, қиыншылық жылдары тіршілік нәрі болған алтын өзек. Бұл жырда Сырда туған таланттардың бір-біріне деген құрметі, туған жерге деген сүйіспеншілігі айшықты көрініс тапқан. Бұл Сыр елінің бүгінде өркені кеңге жайылған әдебиет пен өнердің кешегі күміс күмбезі алыстан көрінетін алтын ордасы екенін айғақтайды.
Кеш барысында кітапханашы Л.Серікбаева Ә.Тәжібаевтың сөзіне жазылған «Сырдария» атты әнді нақышына келтіре орындады. Сондай-ақ шараға қатысқан барлық ауылдық кітапхананың кітапханашылары ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды.
Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы: «Әбілда Тәжібаевтың әкедей ақыл ой, шешедей мейірбан, парасатты өлеңдеріне тәнтімін. Мен үшін қазіргі өзге ақындар бір төбе де, Әбілданың орны бір төбе» деп зиялы сөзін айтқан екен. Оның орынды уәж екендігіне кеш барысында көз жеткіздік.

Ш.НҰРСЕЙІТОВ
17 ақпан 2019 ж. 1 256 0