Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Өрт қауіпсіздігін сақтаңыз!

Өрт қауіпсіздігін сақтаңыз!

Бүгінгі күні шөп жинау және күрделі жем-шөп дайындау бойынша жұмыстар ауыл шаруашылығында қызу жүргізілуде. Осы кезеңде ыстық, құрғақ және желді ауа райы мен ауыл шаруашылық техникалары немесе жанар-жағармайдан өрт қауіптілігі туындауда. Жем-шөп жинау жұмыстарына тек жергілікті тұрғындар жұмылдырылмайды. Сонымен бірге көптеген адам жаз бен күз мезгілдерінде жем-шөп жинауға шақырылады. Шөп жинау оңай шаруа емес. Ұзақ уақыт жасалған жұмыстың, еңбектің нәтижесі санаулы минуттарда өртеніп, жойылып кетуі одан да қиын болары сөзсіз.

Өрт жем жинайтын арнайы техникалар, тракторлар, автокөліктер және өзі жүретін шассилерге жанармай құю ережелерінің бұзылуынан туындауы мүмкін. Төгілген май, бензин, керосин және тағы басқа жеңіл тұтанушы және жанғыш сұйықтықтар қауіп төндіреді. Дала және жем-шөп жинау орындарында мынадай себептермен өрт оқиғасы орын алуы мүмкін:

– оталдыру жүйесінде, ауыл агрегаттарының пайдаланылған кернейіндегі ұшқындардан, оларда жарамды ұшқын сөндіргіштің болмауынан;

– агрегаттарда жиналып қалған астық сабақтарының үйкелуі әсерінен.

Өрттің алдын-алу және материалдық зардап шекпеу үшін тұрғын үйдің мекен учаскелерінде шөп жинау ғимаратқа және аула алдындағы құрылыстардан кемінде 15 метр қашықтықта орындалуға тиіс.

Тыйым салынады:

1) қоралардың шатырларына және басқа шаруа­шылық құрылыстарына жинауға;
2) электр жеткізу желілерінің астына жинауға;
3) учаскенің сыртқы қоршауынан кемінде 3 метр қашықтықта;
4) көшелерде, жолдарда, аулалық учаскелерден тыс шөп шошақтарын, шөмеле, маяларын, сабан және басқа да ірі жем-шөпті орналастыруға жол берілмейді.

Ірі жем-шөптерді тасымалдау өрт сөндіргіш құрал­дармен жабдықталған арнайы көлікпен жүзеге асырылады.

Жиналған шөптің биіктігі жер деңгейінен 4 метрден аспайтындай болуы керек.

Құрметті азаматтар!

Отты пайдалануда ойланбай істейтін әрекеттерге жол бермеңіздер! Егер Сіз өрт немесе жану оқиғасын байқасаңыз, немқұрайлық танытпай, тез арада өрт сөндіру бөліміне «101», «112» телефон нөмірі арқылы хабарлаңыздар.

Сырдария аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
31 шілде 2021 ж. 565 0