Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Егін жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігінің ережелері

Егін жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігінің ережелері


Астық жинау жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекше маңыздылықты иеленеді. От қысқа уақытта астық қорын жоюы мүмкін. Астық жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін білу және қатаң орындау өрттің алдын-алудың маңызды шарты болып табылады.
Дәнді дақылдарды жинау және азық дайындау кезінде өрт қауіпсіздігі қағидалары тәртібі қарастырылған. Онда ауыл шаруашылығы өндірушілері сақтауға тиіс ережелер мен іс-шаралар сипатталған.
Егін жинау кезінде және ол аяқталғаннан кейін, өрттің пайда болуының негізгі себептері:
- Отты абайсыз қолдану;
- Фермерлердің сабанды рұқсатсыз жағуы;
- Қолданыстағы техниканың электр ақаулығы;
- Ұшқын сөндіргіштердің жоқтығы;
- Механизаторлардың қозғалтқыштар радиа­торларындағы шаңды күйдіру үшін дала жағдайында ашық от қолдану және сөндірілмеген темекі қалдығы болып табылады.
Далалық жұмыстарды жүргізу кезінде қойылатын негізгі өрт қауіпсіздігі талаптары:
1. Барлық дала жұмыстарына қатысатын тұлғалар өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы нұсқаулықпен танысуы тиіс.
2. Өрт сөндіру құралдары нормаға сәйкес болуын және қолдануға дайын болуын, дереу пайдалану үшін мүмкіндік жасалуы тиіс.
3. Уақытша электр жарықтандырғыштар, тоқ және жоғарғы кернеулі электр желілері егін және орман алқаптарынан 100 м арақашықтықта орналасуы керек, дала қостары және егін алқаптары ені 4 м кем емес жолағымен жыртылады және темекі шегуге арналған орын деген жазулары бөлінеді.
4. Жұмыс жүргізу кезінде, егін алқаптары маңайында сондай-ақ жанында сабанды және шөпті өртеуге тыйым салынады.
5. Мұнай өнімдерімен толтыру және газ-электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу арнайы құрғақ шөптен, жанғыш қоқыстан тазартылған алаңдарда жүзеге асырылуы тиіс және ені 4 метрден кем емес жолақпен жыртылған, құрылыстардан 50 м және шөп, сабан, тоқ желілерінен 100 м ара-қашықтықта жүргізілуі тиіс. Жанармай құю жұмыстары кезінде қозғалтқыш өшірілуі тиіс. Түнгі уақытта машиналарға жанармай құюға тыйым салынады.
Өрт шыққан жағдайда, ең алдымен, «101» немесе «112» нөмірін теріп, азаматтық қорғау қызметін шақырыңыз. Есіңізде болсын, осы ережелерді қатаң ұстансаңыз өз өміріңіз бен дүние мүлкіңізді сақтай аласыз.

Р.БеркІмбаев,
Сырдария ауданының Төтенше
жағдайлар бөлімінің аға инженері,
азаматтық қорғау капитаны
01 тамыз 2018 ж. 3 048 2

Гость JeaOrer от 17 ақпан 2019 17:07
Acheter Cialis Sur Ordonnance Keflex Ng Tube Compatability Drug Route Kamagra Online Review levitra generico prezzo Amoxicillin Acute Otitis Media Levitra Vision Side Effects Amoxicillin Allergic Reaction Symptoms

Гость JeaOrer от 8 наурыз 2019 09:03
Buy Doxycycline In The Us Celebrex Buy generic cialis Cialis 10mg Online Clobetasol For Sale Mastercard Accepted Fedex Shipping Free Shipping Propecia Es En Mil Pedazos Que Proscar