Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ИДЕЛОГИЯЛЫҚ АКТИВ ЖИЫНЫ ӨТТІ

ИДЕЛОГИЯЛЫҚ АКТИВ ЖИЫНЫ ӨТТІ


«Бүгін Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді Сырдария ауданында жүзеге асыру жұмыстарын талқылау, жоспарларды айқындау және Жолдаудың негізгі басымдықтарын талдау мақсатында аудан әкімдігінде иделогиялық актив жиыны өтті»,- деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы.

Идеологиялық актив жиынын аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова ашып, Елбасы Жолдауының ерекшелігі мен маңыздылығы туралы кеңкөлемді баяндама жасады. Аудан көлемінде атқарылуы тиіс жұмыстардың барысын түсіндіріп, Жолдау жүктеген міндеттерді бірлесе жүзеге асыру керектігін айтты. Иделогиялық актив жиыны барысында аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Әзірбек, аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Сүюбаева хабарлама жасады. Сонымен бірге, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы сөз сөйлеп, Жолдаудың негізгі 10 бағыты егемен елді дамуға жетелейтінін атап өтті. Иделогиялық актив жиыны қорытындысында тиісті бөлім, мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді.


31 қаңтар 2018 ж. 1 102 0