Жоспар артығымен орындалды
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпандағы Жарлығына сәйкес бүгін Шаған ауылдық округінде есеп беру жиыны өтті. Есеп беру кездесуіне облыстан бекітілген өкіл ретінде облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Нұрманов, облыстық мәслихат депутаты Жанарбек Нұрымбетов, аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікенов, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында аудан әкімі Ғанибек Қазантаев атқарылған жұмыстардың есебін беріп, баяндама жасады. Ауданның көші көрікті, ертеңі айшықты екенін жеткізген аудан басшысы 2017 жылы ауданда 1 млрд. 89 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, жоспар 103 пайызға орындалғанын айтты. Сондай-ақ, ауданның әлеуметітк-экономикалық даму көрсеткіштеріне кеңінен тоқталды. Есеп беру жиынында Шаған ауылының әкімі Ғ.Ошақбаев пен ауылдық учаскелік полиция инспекторы Қ.Адайдың 2017 жылы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Сонымен бірге, облыс бойынша кәсіпкерлік саласын өркендетуге ерекше басымдық берілуіне байланысты аудан әкімі алда тұрған мақсат-міндеттерді атады. Есеп беру жиынында ауыл тұрғыны А.Тәуекелов сөз сөйлеп, атқарушы билік өкілдерінің жұмысына сәттілік тілеп, ризашылығын білдірді.