Есепті кездесу Шіркейліде жалғасты

Есеп беру кездесуінде аудан әкімі Ғанибек Қазантаев жыл бойы атқарылған жұмыстардың есебін беріп, баяндама жасады. Жоспарлар артығымен орындалғанын жеткізген аудан басшысы 2016-2020 жылдарға арналған "Даму" бағдарламасы аясында ауданда 2,7 млрд.теңгені құрайтын 64 жоба жүзеге асқанын атап өтті. Сонымен бірге, 39 ауылшаруашылығы кооперативі құрылғанын айтып, көш басындағы ауданның келешегі кемел екеніне тоқталды. Есеп беру жиынында Шіркейлі ауылының әкімі Талғат Құламқадіров пен ауылдық учаскелік полиция инспекторының 2017 жылы атқарған есебі тыңдалды. Сонымен бірге, облыс бойынша кәсіпкерлік саласын өркендетуге ерекше басымдық берілуіне байланысты аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Л.Қозыбаева мен Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы М.Әбдіхалықов қосымша хабарлама жасады. Есеп беру жиынында ауыл тұрғыны Б.Синаева сөз сөйлеп, атқарушы билік өкілдерінің есебіне жоғары баға берді.
Пікір 2