Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Басты құжатта бәрі қамтылған

Басты құжатта бәрі қамтылған

Мемлекет басшысының алғашқы Жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін одан әрі жақсартуға бағытталып отыр. Басты құжаттағы тапсырмалар  жүйелі іске асқанда халықтың әл-ауқаты артатыны белгілі.
Жолдауда елдің әлеуметтік саласын, білім беру мен денсаулық сақтау саласымен бірге мәдениет саласына айрықша көңіл бөлінді. Атап айтқанда еңбекақыны көтеруді тапсырды. Мұның өзі әлеуметтік сала қызметкерлеріне жағымды жаңалық болды. Сондай-ақ ел Президенті мемлекеттік тіл мәртебесіне тоқталды.
Ел бірлігі-тіл саясаты, халқы тату-тәтті, саясаты салиқалы елдің ғана болашағы баянды болатынын дәйекті деректер келтіре отыра, көп ұлтты мемлекетіміздің мемлекеттік тілі Қазақ тілі - ұлтаралық қатынас тіліне айналады деді.
Міндетті зейнетақы қорына қосымша 5 пайыз мөлшеріндегі жұмыс берушіден аударылатын қаржы 2023 жылға дейін тоқталатының, бұл жаңа кәсібін ашып жатқан кәсіпкерлерге еңсесін көтеруге үлкен көмек болады.
 Жалпы биылғы Жолдауда да ел тұрмысын жақсартуға бағытталған айшылықты іс-сапарлар толық қамтылып отыр. Оның жүзеге асуына ел тұрғындары атсалысуы керек.

Еркебұлан  ЖАҚЫП,
 "Nur Otan" партиясы Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
05 қыркүйек 2019 ж. 491 0