Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ЕЛ ТАТУЛЫҒЫ БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ

ЕЛ ТАТУЛЫҒЫ БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ

Қазақстанның жаңа Президенті халық алдында ант берді. Қазақстан халқы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім білдірді. Сондықтан ең алдымен халықтың жағдайы алдыңғы кезекке қоюы өте құптарлық жағдай. Қарапайым халықтың жағдайын жасау арқылы мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикасын көтереміз. Өскелең ұрпақ – ел болашағы. Олардың сапалы білім алуы кемел елдің іргесін бекітеді. Ал, елдегі бірлік пен татулық сыртқы саясаттың мызғымас тірегі.
Ел Президенті қызметіне кіріскен күні-ақ жаңа стратегиялық бағыт-бағдар ұсынды. Әсіресе, Президент айтқан мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, ішкі тұрақтылық, жастарды қолдау саясаты біздің оймыздан шыққан мәселелер. Сондықтан тарихи кезеңде ел тізгінін қолға алған жаңа басшысының қадамына нұр жаусын деген тілегімізді білдіреміз.


Алма Бақтиярова,
Мәдениет саласының ардагері,
Сырдария ауданының Құрметті азаматы:

13 маусым 2019 ж. 1 126 0