Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢАШЫЛДЫҚ ЖІГЕР БЕРЕДІ

ЖАҢАШЫЛДЫҚ ЖІГЕР БЕРЕДІ


«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталатын Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды.
Мемлекет басшысы бүгінде халық саны 18 млн-нан асып, өмір сүру ұзақтығының 72,5 жасқа жеткенін, алғаш тәуелсіздік алған жылдары халық саны 14 млн болғанын атап айтты. Бұл, әрине, елдегі саяси, экономикалық-әлеуметтік жағдайдың дұрыс қалыптасқанының бір көрсеткіші.
Жолдауда Елбасы қоғамның әр саласына қатысты арнайы тоқталып, нақты міндеттерді атады. Соның ішінде мені медицина қызметкері ретінде денсаулық сақтау саласында нақтыланған тапсырмалар ерекше қызықтырды. Мемлекет басшысы бастапқы медициналық-санитарлық көмектің сапасын арттыру мәселесіне тоқталғаны, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын 20 процентке көтеруді тапсырғаны өзім басқаратын ұжым мүшелерін қуанышқа бөледі. Осы мақсатта келесі жылы бюджеттен 5 млрд теңге бөлінетіні белгілі болды. Бұл бір жағынан емханаларға үлкен сенім артып, жауапкершілік жүктейді.
Сондай-ақ, ұлт саулығы – мемлекет болашағының кепілі екенін баса айтқан Президент сапасыз тауарлар, соның ішінде азық-түлік, киім-кешек, балалар ойыншықтарының сапасы үлкен мәселе тудырып отырғанын ескертіп, осыларды бақылайтын арнайы комитет құру туралы тапсырма берді. Сонымен бірге, ғылым мен денсаулық сақтау салаларына қаржыландырудың артатынын айтты.
Жалпы, Елбасының биылғы Жолдауы айрықша жігер берді.

Гүлстан МАҚСҰТОВА,
№3 қалалық емхана
бас дәрігері.
08 қазан 2018 ж. 1 016 0