Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА МҰРАТТАРҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ

ЖАҢА МҰРАТТАРҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ


Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына кезекті, дәстүрлі Жолдауын арнады. Жолдаудың мәні мен мазмұны бұрынғыдан да ерекше болды.
Онда еліміздің әлеуметтік-экономи­калық дамуына тың серпін беретін бағыт-бағдарлардың жаңа кезеңі ел жұртшы­лығының назарына ұсынылды.
Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жол­даулары елдің әлеуметтік әлеуетін, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталып келеді. Ұлт көшбасшысының «Кемел елдің келешегі – білімді ұрпақ» деген сөзі үнемі есте жүреді. Осыған сай Елбасы өзінің қай жолдауында болмасын білім саласының дамуына ерекше назар аударып келеді.
Білім және ғылым министрлігі әкімдік­термен бірлесіп биыл тиісті «Жол картасын» әзірлеу керек деп атап өтті. Бұл дегеніміз білім саласына деген айрықша қамқорлықтың айғағы. Сондай-ақ «орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген, қазіргі кезеңде солардың орындалуына баса назар аударған жөн» – деп Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиістілігі, бұл мектеп білім реформалаудың қорытынды кезеңі болатындығы атап өтілді.
Биылғы Жолдаудың ерекше бір тұсы «Педагог мәртебесі» туралы заңды қабылдау қажеттілігінің айтылғаны – бұл еліміздің ал­дыңғы қатарлы интеллегенциясы болып саналатын ұстаздарға деген айрықша қамқорлық.
«Келешекте мұғалім мамандығы ең мәрте­белі және жоғарғы ақы төленетін маман­дықтардың біріне айналады деген» Елбасы сөзімен ойымды түйіндеймін. Елбасының жаңа Жолдауы осы сенімді орнықтырып жаңа мұраттарға жетелейді.

Ұлмекен ЖанӘлиева,
білім саласының ардагері
14 қараша 2018 ж. 905 0