МЕРЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ КЕШ

Шараның негізгі мақсаты жастарды мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға бейімделуіне көмек көрсете отырып, олардың бойындағы дарындылық пен өмірге деген құштарлығын шындауға қоғамда өз орны бар ұғындыру болып табылады.
Мәдениет үйінің директоры Айтмағанбет Темірханов Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету әрбір адамның – азаматтық парызы екенін атап өтті.
Мәдениет үйінің көркем сөз жетекшісі Наурыз Төребеков «Жарылған құмыра» атты мысал айтып берді. Оның мағынасы қандай жағдайда болсақта бір-бірімізге тен құқықта қарау керектігін түсіндіріп өтті
№130 Абай орта мектеп оқушылары кеш қонағына арналған тақпақтарын айтып, сұрақтар қойды. Маржан Маратқызы «Ақ көгершін», Асылжан Алтынбайқызы «Туған жер» атты әндерін айтты.
Б.ОРДАБЕКОВ