Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҒҰЛАМА ҒҰМЫРЫ ҚҰНДЫ

ҒҰЛАМА ҒҰМЫРЫ ҚҰНДЫ

Ақжарма ауылдық модельді кітапханасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Жасай бер, қазақ тілі – ана тілі» атты көркем сөз оқу шеберлерінің сайысы өтті. Шараның басты мақсаты – Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп оқу. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Сайыс үш кезеңнен тұрды: Абайдың қара сөзін оқу, өлеңдерін жатқа айту, сұрақ – жауап. Сайысқа 6-8 сынып оқушылары қатысты. Жүйріктен жүйрік озған жарыста бірінші орынды Нұрайша Кеңесова, екінші орынды Жансая Толыбекова, үшінші орынды Маржан Маратқызы иеленді. Белсенділік танытып қатысқан оқушылар «Алғыс хат» пен марапатталды. Шарада «Абай мұрасы – мәңгілік мирас» атты тақырыпта кітап көрмесі оқушыларға таныс­тырылды.

Ұ.КЕНІШБЕК
20 тамыз 2019 ж. 880 0