Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

Аралда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды


Кеше Арал ауданының орталығынан бой көтерген жаңа типтегі, алты шығысты өрт сөндіру депосының ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға өңірімізге арнайы жұмыс сапарымен келген аймақ басшысы Қ.Көшербаев қатысып, көпшілікті жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
Баршаға мәлім, Елбасы елімізде жұмыс жасаудың, өмір сүрудің және демалудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, елдің қарқынды дамуына әрдайым көңіл бөліп келеді. Соның ішінде, соңғы кездері төтенше жағдайлар комитеті жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға мемлекет тарапынан ерекше назар аударылып отыр. Оған бүгінгі халық қауіпсіздігіне бағытталған, жаңа типтік жобадағы өрт сөндіру депосы дәлел.
Атап айту керек, бүгінде пайдалануға беріліп отырған бұл нысан құрылымы жағынан республика көлеміндегі үшінші, ал облыс бойынша алғашқы өрт сөндіру депосы болып табылады. Жаңа депо өрт сөндіру бөлімшелерінің жеделдігі мен ұтқырлығын арттыруға және материалдық залал мен адам шығынын қысқартуға айтарлықтай мүмкіндік береді.
Стратегиялық маңызды нысан заманауи құрылғылармен және халықаралық стандарттарға сай техникамен жабдықталған. Депо қызметкерлеріне жұмыс және демалыс үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін ыңғайлы қызметтік және тұрмыстық үй-жайлар ұйымдастырылған. Депо аумағында кәсіби дағдыларын машықтау үшін оқу-жаттығу мұнарасы, спорт алаңдары да бар.
02 ақпан 2018 ж. 1 125 0