Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ


«Нұр Отан» партиясы Өскемен қалалық филиалының партиялық бақылау тобы жергілікті дәріханаларға тексеру ұйымдастырды. Бұл тексеруді ұйымдастыруға азаматтардың арыз-шағымдары негіз болған. Олардың сөзіне қарағанда, дәріханаларда науқастарға тегін берілуге тиісті дәрі-дәрмектер жыл басынан бері жоқ. Сол дәріні өз ақшаңа сатып алуға болады екен. Онымен қоса, дәрі-дәрмек бағасының айтарлықтай қымбаттап кеткені де жұртты ойға қалдырған.

– Партия филиалының қоғамдық қа­былдау бөліміне жыл басынан бері дәрі-дәрмек бағасының қымбаттығы мен тегін берілетін дәрілердің жоқтығына 73 азамат шағымданды. Осыған байланысты арна­йы тексеру ұйымдастырып, түйінді мәсе­лені зерттеуге шықтық, – дейді Өскемен қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майраш Екібасова.
Дәріханаларда шынымен де науқас­тарға тегін берілетін дәрілердің жыл басынан бері болмағандығын мамандар растап отыр.
– Науқастарға тегін берілетін дәріні бізге мемлекет бөледі. Биылғы жылдың мемлекеттік сатып алу конкурсы өтті. Оны ұтып алған фирма дәрілерді әлі күнге жеткізген жоқ. Сол себепті, науқастарға дәрі-дәрмекті тегін бере алмай отырмыз. Егер сатып аламыз десе, қажетті дәрілер бізде бар, – дейді фармацевт Ирина Калинина.
Тексеру қорытындысы бойынша пар­тия­лық бақылау комиссиясы арнайы ұсы­ныстар мен ескертулерді қабылдап, облыс­тық денсаулық сақтау басқармасына жолдап, түйінді мәселені жуық арада шешуге тапсырма берді.
Жамбыл ҚЫРҒЫЗБАЙ
02 ақпан 2018 ж. 1 368 0