Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «ҮЗДІК ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ» АНЫҚТАЛДЫ

«ҮЗДІК ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ» АНЫҚТАЛДЫ



Аталған байқаудың басты мақсат-міндеті еліміздегі жетекші партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмыс тиімділігі мен сапасын артты- ру, үздік қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмыс тәсілдерін нақты қолданысқа енгізу және олардың жұмыстарын ынталандырып, жетілдіру болып табылады. Осы бағыттағы байқау шарттарына сәйкес аудандық партия филиалы азаматтардың өтініштерін шешу барысында енгізілген жұмыстың жаңа тәсілдері бойынша презентациялық материалдар ұсынды. Сондай-ақ, қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметі туралы мобильді стенд дайындап, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалаларды да көрсетті. Бұдан бөлек, шара барысында азаматтардың оң шешілген өтініштер үлесі, азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру және өткізу сапасы, «Электрондық қоғамдық қабылдау бөлмесі» бірыңғай ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу толықтығы мен дұрыстығы бағаланды.
Аумақтық филиалдар арасындағы байқау жеңімпаздарын анықтау үшін аймақтық деңгейде конкурстық комиссия құрылған. Комиссия құрамының шешімімен «Нұр Отан» партиясының «Ең үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» республикалық байқауының аймақтық кезеңінде үздік көрсеткішке жеткен Сырдария аудандық партия филиалы жүлделі І орынды жеңіп алды.
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында өткен марапаттау рәсімінде облыстық филиал төрағасының бірінші орынбаса- ры И.Құттықожаев байқаудың мән-маңызын атап өтті. Жетекші партияның жұмысын жүйелі жүргізу міндет екеніне тоқталып, жеңімпаздарды, оның ішінде үздік болған аудандық партия филиалын марапаттады.
Конкурс тәртібі бойынша аудандық партия филиалы ұсынған презентациялық материалдар және мобильді стенд жоғары бағаға ие болды. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 10 айында қабылданған өтініштердің оң шешім үлесі мен БАҚ-та жарияланған мақалалар саны мен сапасы жақсы нәтиже көрсетті. Соның арқасында аудандық филиалдар арасында Сырдария аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі «үздік» деп танылды.
Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ
09 желтоқсан 2017 ж. 1 376 0