Еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары e-gov арқылы берiлмек
Биыл елiмiзде еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын e-gov арқылы беру жүйесi ретке келтiрiлмек. Сондай-ақ, тегін дәрі-дәрмектi «есікке дейін» жеткізу пилоттық жобасы іске қосылмақ. Бұл туралы «Денсаулық сақтау саласын цифрландыру» тақырыбындағы Үкiмет сағатында ҚР Денсаулық сақтау министрi Елжан Бiртанов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
«Министрлiк цифрландыру саласындағы проблемалық мәселелердi шешу үшiн 2018 жылға бiрқатар шараны жоспарлап отыр. Биылғы жылғы бірінші тоқсанның соңында «электрондық үкімет» порталы арқылы еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары мен туберкулезге қарсы, психоневрологиялық, наркологиялық ұйымдарда есепте тұрғаны туралы анықтамаларды беру жүйесi ретке келтіріледі. Сондай-ақ, «Қазпошта» АҚ-пен бірлесiп, тегін дәрілік заттарды «есікке дейін» жеткізу бойынша пилоттық жоба іске қосылады», - дедi Бiртанов.Министрдiң айтуынша, денсаулық сақтау саласын цифрландыру экономикалық тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Алдын ала есептеулер бойынша, 2017 жылдың қорытындысына сай Қарағанды облысының денсаулық сақтау ұйымдарына медициналық ақпарат жүйесiн енгізудiң экономикалық тиімділігі 4,4 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 785 млн теңге тікелей, ал 3,6 млрд теңге жанама тиiмдiлiк.
Еске салсақ, Бiртанов биылғы жылдың маусым айында электрондық денсаулық паспорты мен пациенттiң жеке кабинетi пилот түрiнде енгiзiлетiнiн айтқан едi.
Пікір 2