Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл 2,7 млрд теңгеге гепатитке қарсы 6 препарат сатып алынады

Биыл 2,7 млрд теңгеге гепатитке қарсы 6 препарат сатып алынады


2018 жылы қазақстандықтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 2,7 млрд теңге сомаға вирустық гепатитті емдеу үшін 5 препараттың атауы және В вирустық гепатитіне қарсы вакцина Бірыңғай дистрибьютордың жүйесі арқылы сатып алынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар ауру ретінде вирустық гепатиттің емделуіне көп көңіл бөлінуде. Осы ауруларды емдеуге арналған препараттардың қолжетімділігі 2018 жылы алдыңғы жылдармен салыстырғанда 3,6 есеге артты.
Вирустық гепатиттің емі үшін Бірыңғай дистрибьютор жыл сайын Пэгинтерферон альфа 2b және Рибавирин препарттарын сатып алады. 2018 жылы Тенофовир препараты вирустық гепатитті емдеу үшін сатып алынады және ЮНИСЕФ халықаралық ұйымымен жеткізілім туралы шарттың шеңберінде жеткізілетінін айта кетейік.
Бұдан басқа, 2018 жылғы тегін дәрімен қамтамасыз ету тізіміне C вирусты гепатитін емдеудің заманауи хаттамаларына сәйкес Софосбувир және Даклатасвир жаңа атаулары енгізілді. Осы дәрілерді жеткізуді БҰҰ Даму бағдарламасы арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ биылғы жылы созылмалы гепатит B вирустық инфекциясының алдын алу үшін және оның ауыр зардаптары, соның ішінде бауыр циррозы және гепатоклеткалы ракқа 445 400 доза вакцина сатып алынды. Балаларды ерте жастан В вирустық гепатитке қарсы вакцинациялау ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді.
23 қаңтар 2018 ж. 2 017 2

Гость JeaOrer от 12 ақпан 2019 19:08
Effetti Collaterali Cialis 20 Mg cialis price direct cheap isotretinoin curacne next day

Гость JeaOrer от 4 наурыз 2019 22:39
Generic Doxycycline Pills Cialis Prezzo In Italia achat de viagra pfizer en roubaix Discount Nexium Online Amitripyline Online