ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІ ЖҮРГІЗУДІҢ ТАПТЫРМАС ТЕТІГІ ҚАНДАЙ?
Жақында Сырдария ауданына қарасты А.Тоқмағамбетов, С.Сейфуллин, Қалжан ахун ауылдық округтерінде "Ақмешіт – адалдық алаңы" жобасы аясында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар және персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшыларымен қатар, "Ақмешіт – адалдық алаңы" жобасының аудандағы жетекшісі М.Омаров, бюджеттік сала қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысқан болатын.
Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен болдырмау бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қоғам үшін қауіпті кеселдің соңы қылмыстық жауапкершілікке әкелетінінен нақты мысалдар келтірілді. Қазіргі таңда кеселмен күресті одан әріге жетілдіру жолдары айтылды.
Сонымен қатар, "Ақмешіт – адалдық алаңы" жобасы бойынша ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берілді. Дөңгелек үстелге қатысушылар өз ой-пікірлерін айтып, сұрақтарына сала мамандарынан жауап алды.
Алдағы уақытта да осы тектес жұмыстар ауданға қарасты өзге де елді мекендерде жүргізілетін болады.
«ТТ»- ақпарат