Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІ ҚАЙ АУЫЛДАР ЖҮРГІЗДІ?

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІ ҚАЙ АУЫЛДАР ЖҮРГІЗДІ?

Жемқорлық – қоғам үшін қауіпті кесел ғана емес, әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейтін қылмыс. Сондықтан барлық салада сыбайлас жемқорлықпен күресті қарқынды жүргізудің маңыздылығы зор.
Бүгін "Ақмешіт – адалдық алаңы" жобасы шеңберінде Сырдария ауданына қарасты Жетікөл, Іңкәрдария, Ақжарма ауылдық округтерінде кездесу мен спорттық шаралар ұйымдастырылған болатын.
Жетікөл ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен, жеке кәсіпкерлермен "Адал өмір сүруді үйрен" тақырыбында кездесу өтсе, Іңкәрдария елді мекенінде кеңкөлемді түсіндірме жұмыстары мен спорттық шаралар жүргізілді. Онда жастар белсенділік танытты.
Ал, ақжармалық жастар өздерінің жемқорлыққа қарсы екенін спорттық бәсекелер ұйымдастыру арқылы дәлелдеді. Нақтырақ айтқанда жастар спорт бәсекесінде жемқорлыққа қарсы ұрансөздер айтып, тазалықты, адалдықты, әділдікті ту етті.
"Ақмешіт – адалдық алаңы" жобасы аясында өткен іс-шаралар жоғары деңгейде қорытындыланып, көпшліктен өз бағасын алды.
Б.ОРДАБЕКОВ

16 тамыз 2019 ж. 766 0