Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » АЛДЫН АЛУ МЕН БОЛДЫРМАУ МАҢЫЗДЫ

АЛДЫН АЛУ МЕН БОЛДЫРМАУ МАҢЫЗДЫ


Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалымен бірлескен «Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Маңызды басқосуды аудандық басқарма басшысының орынбасары Р.Ж.Байғазиев ашып жүргізді.
- Қоғамның қауіпті кеселіне қарсы ай сайын семинар, дөңгелек үстел өткізіліп отырады. Ондағы мақсат мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу. Құжаттар электрондық нұсқада қабылданып, жұмыста мөлдірлік, ашықтық қамтамасыз етілуде,-деді басшы орынбасары. Сондай-ақ дөңгелек үстел барысында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Ш.Нұрсейітов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал кеңесшісі Б.Ахметов ауданда жетекші партияның сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мен болдырмауға байланысты жүргізіп отырған іс-шаралар туралы басқарма қызметкерлерін хабардар етті. Дөңгелек үстел соңында оған қатысушылар өзара пікір алысты.

Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ
18 қыркүйек 2018 ж. 1 214 0