Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ СОТЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ СОТЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ


Сырдария аудандық сотында «Қазақ тілі – ұлтымыздың мақтанышы еліміздің айнасы» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Абдрахман Абдулла, қорғаушы Қалдыгүл Жаппасбаева, Оңтүстік өңірлік телекоммуникация дирекциясының мамандары Гүлжан Бимурзаева, Айзада Райымбекова әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің өкілі Ысқақова Гүлжан және кеңсе қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында сот төрағасы Абдрахман Абдулла «Қазақ тілін көздің қарашығындай қорғау, оны дамыту және абыройын асқақтату – әрбір азаматтың борышы және заңдылықты сақтап оны қорғауға арналған мемлекеттік ұйымдардың міндеті. Мемлекетіміздің алға қойып отырған мемлекеттік тілге қатысты тапсырмасын біздер, мемлекеттік қызметкерлер үлгі болып іске асыруға тиіспіз, ол біздің парызымыз», - деді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар тіл мәселесі қазіргі кезде өте өзекті екенін және өз ана тіліміздің мәртебесін көтеру жөніндегі өз пікірлерін айтты.
26 қыркүйек 2018 ж. 1 258 0