Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаһар басшысы елді мекендердегі нысандарды аралады

Шаһар басшысы елді мекендердегі нысандарды аралады

Kyzylorda-news.kz. Нұрлыбек Нәлібаев әкімдік ғимаратында орналасқан "Ақмешіт - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жұмысымен танысты.
Өздеріңізге белгілі, ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап облыста "Ақмешіт - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жүзеге асырыла бастаған болатын.
Кеңсенің негізгі қызметі - халық пен билік өкілдерінің арасында жариялылықты, ашықтықты қамтамасыз ету.
Жоба аясында "Қызылорда - адалдық алаңы" облысымызда жұмысын бастаған бірінші фронт офис болып отыр.  Фронт офис толығымен "Open Space" яғни "Ашық Кеңістік" форматымен жабдықталған. Қазіргі таңда, Тасбөгет кенті мен Ақсуат ауылдық округі әкімі аппараттары осы форматта жұмыс жасауда.
Бүгінгі күнге фронт офиске жауапты маман бекітілді. Жауапты маман кеңсеге келген әрбір азаматтың өтініш-шағымдарын тіркеуге алып, тиісті мемлекеттік органдарға жолдап, мәселесі шешілгенге дейін толық сүйемелденетін болады. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмысқа қоғамдық ұйым өкілдерін де тарту жоспарлануда.
Сонымен қатар, шаһар басшысы Ақсуат ауылдық округіндегі күрделі жөндеуден өтіп жатқан балабақша ғимаратының жұмысымен танысты.
Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 67 млн.теңге қаржы бөлініп, балабақша ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңғыртылуда.
120 орындық мемлекеттік балабақша ғимаратын ашу үстіміздегі жылдың қыркүйек айына жоспарлануда.
Ақсуат ауылдық округін аралау барысында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев "Open Space" форматы аясында ауыл тұрғындарын жеке қабылдады.

31 шілде 2019 ж. 712 0