Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » БАТПАНДАП КІРІП, МЫСҚЫЛДАП ШЫҒАТЫН КЕСЕЛ

БАТПАНДАП КІРІП, МЫСҚЫЛДАП ШЫҒАТЫН КЕСЕЛ

Қазақстан Республикасының Президенті 2019 жылғы 20 мамырдағы жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жайлы берген тапсырмасында «Жыл сайын Қазақстанда орташа есеппен 2 мыңнан астам жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс тіркеледі. Мыңнан аса адам жауапқа тартылады. Бұл – батпандап кіріп, мысқылдап шығатын кесел. Осы ауруды қазір шұғыл түрде емдемесек, ертең кеш болуы мүмкін», – деген еді.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының 4-ші бағытының 3 тармағында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға қол жеткізу керек екені айтылған. Соған сәйкес халық пен мемлекеттік қызметшінің тікелей қарым қатынасын азайтып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы орындалуда. Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы аясында «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты –тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, халыққа мемлекеттік қызметтерді алу үшін қолайлы жағдай жасау, яғни қолжетімді ету, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып отыр.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биліктің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының жеті негізгі шарасы «Азаматтардың құқығын қорғау», «Мемлекет пен азаматтық қоғамның әріптестігі», «Қоғамдық бақылауды күшейту», «Бюджеттік саясаттың ашықтығы», «Өңірлерді жемқорлыққа қарсы жұмылдыру», «Мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыру», Бизнеске қысымды төмендету» бағыттарының 2-ші бағытында «Білім және ғылым министрлігі де балаларды ерте жастан жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздеріне баулуды қол алған жөн» деген тапсырма берді. Соған сәйкес қазіргі уақытта ауыл мектептерінде «Адалдық дүкендері» ашылып сатушы орнына ақша салатын жәшіктер орналастырып, сол арқылы оқушыларға қажетті құрал жабдықтарын сатып алуды үйретуде.
«Дәніккен қарсақ құлағымен ін қазар» демекші  жемқорлықмен күресте біздің әрқайсымыз бейтарап қалмауымыз керек.

Қ.ЖҮСІПОВ,
Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы
17 тамыз 2019 ж. 560 0