АҚЫЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯ: ЖАНСЫЗ ДҮНИЕ ҚҰДІРЕТІ

Тек бізде ғана емес, әлем жұртшылығы жастардың алып күш иесі екендігін мойындап, олармен санасады. Сондықтан бір жылдың айтулы бір күнін арнайы жастар мерекесі етіп белгілеген. Яғни 12 тамыз – Халықаралық жастар күні.
Мен Сырдария аудандық Жастар ресурстық орталығының маманымын. Аудан жастарымен күш біріктіріп, туған жердің гүлденуіне үлесімізді қосу мақсатында біршама жұмыстар атқардық. Өзімізді дамытуға берілген үлкен мүмкіндігіміз, Елбасының 2019 жылды – Жастар жылы деп жариялауы. Ендеше, ақылды технология заманында тың идеялар мен тартысты ойларды ортаға салып, егемендігіміздің даму жолында аудан жастарын бірігіп жұмыс жасауға шақырамын!
Айшат МҰХАНБЕТЖАНҚЫЗЫ,
жастар ресурстық орталығы маманы