Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БҰЛ – БІЗДІҢ УАҚЫТ

БҰЛ – БІЗДІҢ УАҚЫТ

Жастардың жаңа жетістіктерге жетуі үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын жастарға үлкен сенім артып отырған Елбасының бастамасымен 2019 жылдың «Жастар жылы» ретінде белгіленуі жас буынға деген зор қолдау деп білемін. 
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде білім аламын, өнер меңгеремін, жұмыс жасаймын деген жастарға барлық мүмкіндіктер жасалды. Тіпті, қазақстандық жастардың әлемнің ең озық елдерінде білім алуына жол ашылды. Елбасы саясатының кемел болуының нәтижесінде Тәуелсіз ел жастары ата-бабамызға арман болған белестерді бағындырды. Мұның бәрі егемендігіміздің жемісі, Елбасы саясатының нәтижесі. «Жастар жылына» орай ауданымызда жастарды қолдау бағытындағы шаралар жалғасын тауып, ауқымды жұмыстар атқарылатын болады. Аудан жастарының белсенділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылуы тиіс нақты жұмыстар қазірдің өзінде қолға алынды. Жыл бойы жүргізілетін жұмыс науқандық шара емес. Мәні мен маңызы зор әрбір шара жастардың ертеңгі күнге деген сенімін нығайтады. Сонымен қатар, игі бастамаларға қолдау көрсетілмек.
Жалпы, биылғы жыл жастар үшін қай қырынан алып қарасақ та мүлде өзгеше болады. Ең басты ерекшелігі – жаңа форматта, заманауи үлгіде өтеді. Осының бәрі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жастар саясатын жаңғырту бағытында қолға алынған жұмыстардың жемісі екені анық. Сондықтан Елбасымыз айқындап берген міндеттерді жүзеге асыруда белсенділік таныту барша жастардың абыройлы міндеті болуы тиіс. Осы жолда барша жастардың күш біріктіргені дұрыс.
Білім – жастардың басты байлығы болуы қажет. Өйткені, білімсіздің күні қараң. Мысалы, мен аудан орталығындағы №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінде білім алдым. Көпбалалы отбасында өстім. Ұстаздарымның сапалы білім беруінің негізінде білімге құштарлығым әлі күнге дейін бәсеңдеген емес. Қазіргі таңда екі дипломым бар және үш тілде еркін сөйлеймін. Араб тілінде сауатты жаза аламын және қытай тілін меңгеріп жүрмін. Меніңше, көп тіл білген сайын өмірге көзқарасың өзгеріп, зейінің арта түседі. Ал, жаһандану заманында ауылда алған білім мен қалада алған білімнің айырмашылығы жоқ. Тек ізденісті серік етіп, бос уақытты тиімді пайдалану керек. Өйткені, дамыған заманда қалай білім аламын, қайдан жаңа оқулық табамын, кімнің дәрісін тыңдаймын десеңіз де мүмкіндік бар. Тек алдыған нақты мақсат қойып, үздіксіз еңбектену керек. Сондықтан замандастарымды білім алуға, алған білімді ел қажетіне жұмсауға шақырамын.
2019 жыл – жетістіктер жылы. Бұл – біздің уақыт. Яғни, нағыз жалынды, көзінде от, көңілінде жалын, кеудесінде ертеңгі күнге деген нық сенім бар жастардың кезеңі. Сондықтан «Жастар жылы» аясында алға қойған жоспарларымызды орындап, жаңа жетістіктерге құлаш сермеуіміз керек.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,
«Сыр үміті» жастар сыйлығының иегері, 
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
23 қаңтар 2019 ж. 1 086 0