Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҮЛКЕН ҚАМҚОРЛЫҚ ПЕН МҮМКІНДІК

ҮЛКЕН ҚАМҚОРЛЫҚ ПЕН МҮМКІНДІК


Елбасымыз биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялауы – ел жастарына жасалған үлкен қамқорлық пен мүмкіндік. Жастар жылы мемлекеттік жастар саясатының жүргізілуіне жаңаша серпін беретін және жастар арасында проблемалардың шешілуі мен жастардың жарқын идеяларының жүзеге асуына зор мүмкіндік жасайтын тарихи жыл деп есептеймін.
Тәуелсіздіқ жылдарында еліміздің дамуы жолында «Нұр Отан» партиясының сүбелі үлесі зор. Партияның болашағы ретінде «Жас Отан» Жастар қанаты да ел жастарын топтастырушы күшке айналды. Ауданымызда партияның қолдауының аясында «Жас Отан» ЖҚ жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мен жастардың жұмыссыздығын төмендету және жастардың кәсіпкерлігін дамыту мақсатындағы нәтижелі жұмыстары ауыз толтырып айтарлықтай деңгейде. Бұл мұнымен тоқтап қалмайды. Дегенмен де, жастар арасындағы проблемалық мәселелер де жеткілікті. Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мен жастар белсенділігін көтеру мақсатында біз жасотандықтар «Жас тәртіп сақшылары» қозғалысын дамытуды жүзесе асыруды бастап кеттік. Бұл қозғалыс өз кезегінде жастар арасындағы түрлі бағыттағы құқық бұзушылықтың алдын алып қана қоймай, жастардың өмірге деген көзқарасын өзгертуіне мүмкіндік ашатын болады. Айналамызда болып жатқан барлық істерге белсене араласып жүрген біздер, қоғамда орнымыз бар екенін айқын сезінеміз.
Біз, Сіздердің сенімдеріңізді ақтап білімді ырыс, еңбекті тыныс етіп достарымызбен жан- жақты дамуға, спортпен, өнермен айналысуға, шет тілдерді үйренуге, отандық және әлемдік әдебиеттің терең мұраларын танып-білуге атсалысатын боламыз!


Айдос ОМАРОВ,
жастар ұйымының жетекшісі:
21 ақпан 2019 ж. 964 0