СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ "ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ
"Жастар жылы" аясында Сырдария ауданында арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, нақты жұмыстар атқарылуда. Аудан әкімінің тікелей бастамасымен аудан жастарының ұсынысы негізінде аудандық "Жастар ресурстық орталығы" жаңа ғимаратқа көшті. Бұл аудан жастары үшін зор қуаныш және қолдау болды.
Кеше облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов бастаған аудан әкімдері мен басқарма басшылары Сырдария аудандық "Жастар ресурстықорталығының" жаңа ғимаратымен танысып, жастармен пікірлесті.
Жаңа ғимараттың мәжіліс залында "Тереңөзек жастары" қорының мүшелерімен кездесу өткізіліп, кәсіпкерлікке ынталы жастарға 300 000 мың теңгенің сертификаттары берілді. Аудан жастары өз ұсыныс-пікірлерін айтып, атқарушы билік өкілдеріне ризашылықтарын білдірді.
Айта кету керек, аудандық "Жастар ресурстық орталығында" жұмыс кабинеттері, ұлттық және спорттық ойындар ойнауға арналған бөлме және 20-25 адамға арналған мәжіліс залы бар. Ғимарат жаңа заман талабына сай техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Жаңа ғимарат аудан орталығындағы А.Әлиакбаров көшесінде орналасқан.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.