Қызылордада «Квадрат» әдісі бойынша профилактикалық іс-шара өтуде

Қысқа мерзімді жедел профилактикалық іс-шараға қалалық полиция басқармасының учаскелік және патрульдік полиция, әкімшілік полиция бөлімі, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобы, қабылдау-тарату және әкімшілік қамау орны қызметкерлерінен барлығы 30 қызметкер 5 автокөлікпен жұмылдырылды.
Іс-шара кезінде квадратта орналасқан барлығы 15 көп қабатты тұрғын үйдегі полицияның профилактикалық және тізімдік есебінде тұратын 23 азамат және 20 азаматтық қару иелері мекен-жайларынан тексерілсе, ішімдік құмар азаматтардың жиналуы мүмкін орындар, жертөлелер, шатырлар бұзылған ғимараттар тексеруден өткізілді.
Тексеру кезінде осы аулада орналасқан Чайковский № 8 үйдің ауласындағы жеке гараждардың маңынан өмірдің қиын жағдайына душар болған тұрғылықты мекен-жайлары беймәлім, ішімдікке қатты салынған барлығы барлығы 15 тұрғын ұсталып, қалалық полиция басқармасына жеткізілді.
Іс-шараға жұмылдырылған учаскелік және патрульді полиция қызметкерлерімен тұрғын үйлердің аулаларында спирттік ішімдік ішіп, масаң күйінде қоғамдық орындарда жүргендері үшін 8 азамат жеткізіліп, олардың 3-уі бейімдеу және уытсыздандыру орталығына жатқызылды. Олардың барлығына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар рәсімделді.
Сонымен қатар, профилактикалық іс-шара барысында учаскелік полиция, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының инспекторымен барлығы 20 қару иелері мекен-жайларынан тексерілсе, ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабының 1-бөлігі яғни, «қаруды сақтау ережесін бұзу» дерегімен бір азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, қаруы уақытша тәркіленді.
Аталған бағыттағы жедел профилактикалық іс-шаралар алдағы күндері де жалғасын табатын болады.