ОҢ КӨЗҚАРАС ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚАРЕКЕТІ
ҚР ІІМ-нің 16.02.2018 жылғы №1-30-16-282/637-И санды нұсқаулығына сәйкес, ҚР ІІМ 2018 жылғы 18 қаңтардағы №178 бұйрығымен бекітілген, ҚР ІІМ-нің 2018 жылғы жедел жоспарының 93-тармағын орындауда, сонымен қатар, ішкі істер органдары және пробация қызметінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-нің пробация қызметтерінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандармен құқық бұзушылықтар мен қайталап қылмыс жасауға жол бермеу мақсатында 2018 жылдың 19 ақпан мен наурыз айының 2-сі аралығында Қызылорда ОІІД-мен бірлескен, «Пробация» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл іс-шараның басты мақсаты Пробация қызметі есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандардың жаза өтеп жүріп, пробация қызметі бақылауынан жалтаруының, құқық бұзушылық пен қайта қылмыс жасауының алдын алу және сотталғандармен тәрбиелік жұмыстар жүргізіп, оларға өз құқықтарымен жауапкершіліктерін түсіндіру мақсатында жүргізіліп отыр. Іс-шара барысында сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайларынан ҚР ІІМ-нің 2014 жылғы 18 тамыздағы №517 бұйрығы негізінде, учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, сотталғандардың ата-аналары, жақын туыстары, сонымен қатар оның мінез-құлқына оң ықпал ете алатын жора-жолдастарымен профилактикалық әңгімелер жүргізілуде. Бүгінде бұл іс-шараның жүргізілуіне Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінен 11 учаскелік полиция қызметкерлері және криминалды полиция бөлімі қызметкерлері, жол патрульдік полиция қызметкерлері мен пробация қызметінің қызметкерлері біріккен мобильді топтар, сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар атқаруда. Осы іс-шара есептегі азаматтарды дұрыс жолға салып, олардың қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруда оң ықпалы болады деген сенімдеміз.
А.Сақыбеков,
аудандық пробация
қызметінің аға инспекторы,
әділет аға лейтенанты
аудандық пробация
қызметінің аға инспекторы,
әділет аға лейтенанты