Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шартты түрде» профилактикалық іс-шарасы

Шартты түрде» профилактикалық іс-шарасы


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы №517 бұйрығымен бекітілген қағиданың 1-тарауының 3-тармағының 3-тармақ­шасын, және ҚР.ІІМ-нің 2018 жылғы 18 қаңтардағы №178 бұйры­ғымен бе­кі­­­тіл­ген, ҚР.ІІМ-нің 2018 жылға арналған операция­лық жоспарының 93-тармағына сәйкес, 2018 жылдың маусым айы­­­ның 18-28 күндері ара­­­лығында, Сырдария аудандық ішкі істер бөлі­мінің жергілікті полиция қызметі мен Сырдария аудандық пробация қызметі бірлескен «Шартты түрде» республикалық профилактикалық іс-ша­ра­­­сы өткізілуде. Бұл іс-шараның басты мақсаты Пробация қызметі есебін­де тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандардың жаза өтеп жүріп, пробация қызметі бақылауынан жалтаруының, құқық бұзушылық пен қайта қылмыс жасауының алдын алу және сотталғандармен тәрбиелік жұмыстар жүргізіп, оларға өз құқықтарымен жауапкершіліктерін түсіндіру мақсатында жүргізіліп отыр. Іс-шара барысында сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайларынан ҚР ІІМ-нің 2014 жылғы 18 тамыздағы №517 бұйрығы негізінде, учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, сотталғандардың ата-аналары, жақын туыс­тары, сонымен қатар оның мінез құлқына оң ықпал ете алатын жора жолдастарымен профилактикалық әңгімелер жүргізілуде. Бүгінде бұл іс-шараның жүргізілуіне аудандық ішкі істер бөлімінен 13 учаскелік полиция қызметкерлері, криминалды полиция бөлімі қызметкерлері мен пробация қызметінің инспекторлары бірігіп, арнайы штаб пен мобильді топтар құрылып, сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда.

А.Сақыбеков,
аудандық пробация
қызметінің аға инспекторы,
әділет аға лейтенанты
27 маусым 2018 ж. 1 267 0