МӘСЕЛЕ МӘНІСІ НАЗАРДА
Бұрнағы күні аудан әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс 39 сессиясы өткізілді. Оған аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары мен сала мамандары қатысты.
Күн тәртібінде бірқатар мәселе қаралып, өзара талқыланды. Атап айтқанда, аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Ғ.Әкбаров «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №253 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Мұқан «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 қыркүйектегі №123 шешіміне толықтыру енгізу туралы, «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган құрамын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы №98 шешiмiне өзгеріс енгізу туралы мәселені қарады. Сонымен бірге «Ауданда әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 28 шілдедегі №326 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» хабарлама жасады. Өз кезегінде аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Өтегенова «Сырдария ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Сырдария аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 10 қаңтардағы №273 шешіміне өзгерістер енгізу туралы хабарлады. Бұл мәселе төңірегінде жан-жақты пікір алмасып, өзара дауысқа салды.
Сессия төрағасы Д.Ералиевтің ұсынысы бойынша депутаттардың қарауына түскен мәселеге байланысты сауал қойып, тұщымды жауап алынды. Аудан өмірімен біте қайнасқан сала мамандары кез келген жағдайда түрлі мәселе төңірегінде жұмыс жасау қажеттілігі айтылды. Кейбір көтерілген жәйттерге байланысты ұсыныс тыңдалды.
Б.ОРДАБЕКОВ