Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН БЮДЖЕТІ – САН САЛАНЫҢ КҮРЕТАМЫРЫ

АУДАН БЮДЖЕТІ – САН САЛАНЫҢ КҮРЕТАМЫРЫ

Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс 37 сессиясы өтті. Оған аудан әкімі Ғ.Қазантаев, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Т.Ильясов, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары мен сала мамандары қатысты.
Сессияның күн тәрбінде бес мәселе қаралды. Алғаш болып «2018 жылға арналған аудандық бюджеттің және кент пен ауылдық округтерінің бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерін бекіту туралы» аудандық қаржы бөлімінің басшысы Ж.Сыздықов, «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының 2018 жылға арналған Сырдария ауданының бюджетінің атқарылуы туралы есебі» жайлы Т.Ильясов, «2016-2020 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының» іске асырылуы туралы» және «Ауданды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы» аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Ғ.Әкбаров, «2018 жылға арналған кент пен ауылдық округтерінің бюджеттерінің атқарылуы туралы» есеп бойынша кент әкімі және бірқатар ауылдық округ әкімі хабарлама жасады.
Екінші мәселе – «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №253 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ғ.Әкбаров баяндады. Өз кезегінде аудан әкімнің орынбасары Д.Байдушев «Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 15 маусымдағы№207 шешіміне өзгеріс енгізу жөнінде мәлімдеді. «Сырдария ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Сырдария аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 10 қаңтардағы №273 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Б.Өтегенова түсіндірме жүргізді. «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 қыркүйектегі №123 шешіміне өзгеріс енгізу туралы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғ.Нұртазаев айтып берді.
Сессия барысында аудан әкімі Ғ.Қазантаев жалпы бірінші мәселе төңірегінде қолдау қөрсеткені үшін аудандық мәслихат депутаттарына алғысын айтты. Бұл ретте, тиісті сала басшылары депутаттардың бірқатар сауалына жауап берді.

Б.ОРДАБЕКОВ
01 маусым 2019 ж. 1 084 0