Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС: БАРШАҒА БІРДЕЙ АШЫҚТЫҚ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС: БАРШАҒА БІРДЕЙ АШЫҚТЫҚ

Бұрнағы күні мекемелер үйінің мәжіліс залында аудан­дық Қоғамдық кеңес отырысы өткізіліп, оған кеңес мү­шелері, тиісті сала мамандары қатысты. Жиынды төраға М.Омаров ашып, күн тәртібіндегі мәселені таныстырды.
Көпшілік алдында Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы аудандық білім бөлімінің бас маманы Л.Мығымбаева баяндама жасады. Жалпы жаз айларында баланың жан-жақты демалысын оңтайлы ұйымдастыру тетігі қарастырылып, барлық тиісті шараның қолданылуы назарға алынды. «Жалын» тынығу лагерінің жұмысы сараланып, кейбір мәселеге қатысты зерделеу жұмысы пысықталды. Сонымен қатар әр ауысым бойынша жасалатын іс-қимыл әрекеті сараланып, қауіпсіздік шарасын тиянақты орындау мекеме басшысына тапсырылды. Өз кезегінде М.Момбаева осы жазғы демалысты ұйымдастыру жоспарын айтып берді. Бұдан кейін «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 қыркүйектегі №123 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Мұхан, Мүгедектерге және әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында ауданда атқарылған шаралар туралы аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Е.Ахетов пен А.Мұхан хабарлама жасады.
Жиын соңында кеңес мүшелері сала мамандарына сауалдар қойып, тиісті жауап алды.

Б.ОРДАБЕКОВ

06 шілде 2019 ж. 585 0