Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№40 Газет

30 мамыр 2026 ж.

№ 39 газет

26 мамыр 2026 ж.

№38 газет

23 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ӨЗАРА ТАРТЫСҚА ТҮСТІ

ӨЗАРА ТАРТЫСҚА ТҮСТІ

Аудан жастары «Жасыл ел» еңбек жасағында еңбек етіп, көше тазалығын сақтауға үлес қосуда. Жасыл елдіктер күннің ыстығына қарамастан орталық саябақ, көшелерді қоқыстан тазартуда. Қазіргі жазғы мезгілде олардың демалысын тиімді ұйымдастыру маңызды. Осы орайда «Жастар» ресурстық орталығы мен дене шынықтыру және спорт бөлімі мамандары бірігіп спорттық жарыс өткізді. Оған «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары қатысты.
Жарыс мақсаты – жастарға салауатты өмір салтын ұғындыру, жазғы демалыс кезінде олардың уақытын тиімді пайдалану. Спорттық сайыста жастар белсенділік танытып, өзара жарысқа түсті. Кедергілермен жүгіру, қол күрес және өзге де сайыста үздіктер анықталды. Нәтижесінде жүлделі І орынды «Манхэттон» командасы жеңіп алды. ІІ орын «Миллион» және ІІІ орынды «Жастар» командасы иеленді. Сайысқа белсенді қатысқан жастарға «Алғыс хат» пен бағалы сыйлық табыс етілді.

«ТТ» ақпарат
27 шілде 2019 ж. 930 0