Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ

ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ


Сырдария ауданында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Өзгерістерді өзіңнен баста" кіші бағдарламасы аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті.
Спорттық іс-шараны аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі жастар арасында сыбайлас жемқорлықпен күрес ауқымын кеңейту, ұлттық спорт түрлерін насихаттап, саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырды.
«Асыл қазына» тақырыбында өткен спорт бәсекесіне ауданның Сәкен Сейфуллин және Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округінің жастары қатысты. Олар арқан тарту, асық ату, гір тасын көтеру және аударыспақ секілді ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты.
Сайыс соңында аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Ғ.Оралов сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, болдырмауға жастарү үлес қосу керек екенін айтты. Сонымен бірге, жеңіске жеткен жастарды марапаттап, диплом мен алқалар табыстады.
Сайыста жақсы қырынан танылған спортшыларға да арнайы Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар берілді.
29 желтоқсан 2018 ж. 1 637 0