Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ӨРКЕНИЕТ ЖОЛЫ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ӨРКЕНИЕТ ЖОЛЫ


Латын әліпбиіне көшу қандай да бір өзге тіл мен оның жазуын теріске шығару емес, бұл біріншіден,қазақ алфавитіне реформа жасап, оны жаңғыртуға бағытталған.Елбасы латын графикасындағы қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекіте отырып, қазақ тілінің мәртебесін әлемдік аренаға жеткізуге жол ашты. Осы жолда тілдің халықаралық мәртебесін көтеру -біздің әлемдік өркениетке жетуіміздің басты кепілі. Сонымен бірге жаңа әліпби бүкіл әлем қазақтарын біріктіретін өте маңызды фактор. Елбасы айтқандай, балаларымыздың болашағы үшін осындайшешім қабылдауға тиіспіз және ол әлеммен бірлесуге, ұрпағымыздың  ағылшын тілі мен интернет тілін игеруге, ең бастысы - қазақ тілін жаңғыртуға жағдайтуғызады. Ал қазақ тілін жаңғыртудың басты белгісі - ол латын жазуына көшу. Президентіміз бұл жайында 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының он екінші сессиясында сөйлеген сөзінде және «Қазақстан 2050» Стратегиясында да айтқан болатын. Сонымен қатар Елбасы өзінің «Рухани жаңғыру» мақаласында латын жазуына көшудің нақты жолдарын белгілеп, тиісті шараларды қолға алу керек екенін жеткізді. Қазақстан халқының  әрбір азаматы латын жазуына көшу әлемдік өркениетке жетудің басты жолы екенін білуі тиіс. Себебі латын жазуы адамзаттың дамуындағы мықты тілдердің бірі. Ол 21 ғасырдағы ғылым мен техниканың тілі.

             Күні кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелерін қабылдап,  жаңа нұсқамен таныстырды. «Әлемде ешбір ел өзінің жаңа әліпбиін бүкіл халық болып осылайша талқылаған емес. Біз үшін әрбір адамның пікірін білу маңызды. Латын қарпіне көшуге байланысты Президент Әкімшілігіне 300-ден астам өтініш келіп түсті. Жастардың бұл үдерісті қолдағаны қуантады,»– деді Елбасы өз сөзінде.Бір қуантарлығы, биліктің халық талабымен санасып, алғашқы нұсқаны өзгерткені болды. Алғашқы нұсқадағы халыққа ұнамаған ең даулы мәселе – қазақтың төл дауысты  – ә, ө, ү дыбыстарының   қос әріпті болып келуі болатын. Жаңа нұсқада бұл талап толық шешімін тауып, енді олар бір әріппен, әріптің  үстіңгі оң жағына   белгі қойылып, апокрифпен белгіленеді.Қорытындылай келе, халық көңіліне қонымды латын қарпіндегі  жаңа әліпби жобасы дайын болды.Елбасының латын графикасындағы қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы болашақта елімізге елеулі, жақсы жағынан өзгеріс алып келеді деп ойлаймын.Алаш ардақтыларының арманы да осы болатын. Олай болса, болашағымыз өркендеп өсе берсін!
Мақпал  ҚАЛЫМБЕТОВА, 
№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  

22 ақпан 2018 ж. 8 328 0