Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КӘСІП ИЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

КӘСІП ИЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ


ЖАҚЫНДА ҚР АШМ АӨК МИК АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ. ОҒАН ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯ БАСШЫСЫ Е.БЕКЖАНОВ, АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯ БАСШЫСЫ М.НАУРЫЗБАЕВ ПЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖӘНЕ АУДАН КӘСІПКЕРЛЕРІ ҚАТЫСТЫ. ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДІҢ КҮН ТӘРТІБІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС, КАРАНТИНДІК ЖӘНЕ ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ СЕРТИФИКАТТАРДЫҢ БЕРІЛУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ ҚАРАЛДЫ.
Жиынды облыстық аумақтық инспекция басшы- сы Е.Бекжанов инспекция тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметті жүзеге асыруды, оның ішінде карантин саласы бойынша фитосанитариялық және карантиндік сертификат беру тәртібін және құқықтары мен міндеттерін айтты. Ол берілетін серти- фикаттар тегін жүргізілетінін және мүмкіндігінше тез рәсімделетінін түсіндіріп, облыс көлемінде жүргізіліп жатқан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге тоқтала кетті. Сондай-ақ, осы көрсетілген қызметтер барысында анықталған заң бұзушылықтарды айтып өтті. Атап айтқанда, облыс көлемінде 2016 жылы 48 заң бұзушылық анықталса, 2017 жылы 71 анықталып, көбейіп отыр. Мұндай заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Бұдан бөлек, Еркебұлан Маратұлы облыс аумағында тіркелген төрт карантиндік объектілердің ауыл шаруашылығы саласына көптеген зиян келтіретінін атап айтты.
Дөңгелек үстелде инспекция басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде мемлекеттік инспектор заң талаптарын сақтамай, сыбайластыққа жол берсе, бұл кезде құзырлы органдарға және инспекция басшылығына хабарласу керектігін жеткзді. Сонымен қатар, осы қызметтерді алуда кәсіпкерлерге мемлекеттік инспекторды жемқорлыққа итермелемей, заңдылықпен жұмыс жасау керектігін ескертті. Есепті кезеңде республика бой- ынша сертификат беру кезінде 7 инспектор пара алу фактісімен ұсталып, бас бостандығынан айырылғанын жеткізді.
Жиында аудан кәсіпкерлері өздерін мазалаған сұрақтарды қойды. Мәселен, кәсіп иелері өзге облыстардан азық-түлікті ауданға әкелгенде міндетті түрде карантиндік сертификат алу керектігін және қаладан ауыл шаруашылығы өнімдерін алғанда фирмалардан карантиндік сертификат көшірмесін немесе тексеру актісін алу қажеттілігін түсінді. Сонымен бірге, мемлекеттік инспекторлардың дүкендерге тексеру жүргізбейтінін, көтерме сауда объектілеріне ғана тексе- ру құқы бар екендігін білді.
Дөңгелек үстелді қорытындылаған облыстық аумақтық инспекция басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен қатар, инспекция аудан көлемінде ерекше қауіпті шегіртке зиянкесімен заң талаптарына сай күрес жүргізілетінін, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаты бойынша жұмыстар атқарыла беретінін атап өтті.
Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ
29 қаңтар 2018 ж. 957 0