Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

№89 газет

22 қараша 2025 ж.

№88 газет

18 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Күз ханшайымы мен ханзадасы атанды

Күз ханшайымы мен ханзадасы атанды

Жақында Иса Тоқтыбаев атындағы №35 мектеп-лицейде 8-10 сынып оқушылары арасында «Алтын күз» мерекелік сайысы өтті. Оған арнайы қонақтар мен ұлағатты ұстаздар қатысты.

Іс-шара барысында оқушылар күзгі табиғаттың әсемдігін, еңбектің қадірін жыл мезгілінің сыйын бейнелейтін көрініс пен шығармашылық бағытын­дағы қойылым ұсынды. Әр сынып өз өнерін ортаға салып, шығармашылық қабілетін байқата білді. Өз кезегінде өнерлі өрендер байқауда таныстыру, өз өнері, қамыр жаю және қолдан жасалған күзгі сән көйлегі кезеңі бойынша шеберліктерін көрсетті. Оқу­шы­лар нағыз күз ханзадасы мен хан­шайымына лайық киім үлгісін қол­дан жасап көрсетіп, көрерменнің қоше­метіне бөленді. Мектеп-лицейдің талантты оқушысы Меруерт Астрахан скрипка аспабымен түрік әндерін сүйе­мелдеді.

Сайысқа төрелік еткен қазылар алқасының құрамында Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Гүлсән Қайратқызы, «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Ақтоты Темірханқызы, мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Жанна Сәркеева, әуез пәні мұғалімі Айнұр Ахметова болды.

Өз кезегінде Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Гүлсән Қайратқызы сөз алып, мере­келік іс-шараны қорытындылады.
– Барлық қатысушы өте жақсы дәре­жеде дайындалған. «Алтын күз» сайысына аса жауапкершілікпен қа­рап, әр кезеңде жақсы дайындықпен кел­­гені көрініп тұр. Біз үшін таңдау өте қиын болды. Дегенмен сайыстың аты сайыс. Заманауи үлгіде сан түрлі киім үлгісін көріп, оқушылардың өнеріне тәнті болдық, – деді.

Осы ретте, сайыстың бас жүл­десін «Алтын күз» ханшайымы мен ханзадасы атанған 10 сынып оқу­шы­­сы Қасиет Әділбекова пен Али Бақытбеков иеленді. Жүлделі І орын 9 сынып оқушысы Ұлдана Тәліпова мен Манас Мұхаммеджановқа бұйыр­ды. ІІ орынды 9 сынып оқушысы Меруерт Астрахан, Нұркелді Нұрғазы және 8 сынып оқушысы Жібек Темірғалиева мен Нұрасыл Серғазиев қан­жығасына байлады. ІІІ орынға 10 сынып оқушысы Айша Балтабай мен Бақытжан Айболұлы, 9 сынып оқу­шысы Дидарай Рахымбердина мен Елмұхаммед Амантай лайық деп та­ныл­ды. Сыныбының намысын қор­ғап алға шыққан 8 сынып оқушысы Шам­шырақ Төремұрат пен Ерсін Қорғанбай және Інжу Әбілқасымова, Әліби Бауыржанұлы «Алғыс хатпен» мара­пат­талды. Сайысқа қатысқан 8 жұп­­қа бағалы сыйлық табыс етілді.

«Тт» ақпарат
25 қараша 2025 ж. 109 0