Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

№89 газет

22 қараша 2025 ж.

№88 газет

18 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Қартты сыйлау – ізгі дәстүр

Қартты сыйлау – ізгі дәстүр

Қазақ халқында қартты қадірлеу, құрмет көрсету үлгілі үрдіске айналған. Дана қарт – қоғамның байлығы, ұлт құндылығы екені сөзсіз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Халқымыз үнемі үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білген. Осы құндылықтарды дәріптеп, бүгінге жеткізу арқылы қарияларымыз ұлт ретінде сақталуымыз үшін барын салған» деп ардагерлердің қоғамдағы рөлін айқындады.

Бүгінде мемлекетімізде ар­дагерлерді қолдау – мем­лекеттік саясаттың бір бөлігі. Бұл мақсатты бастамалар, ауқымды жұмыстар ауданымызда да жүзеге асырылуда. Ұлтымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Жақында аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен, демеушілердің есебінен кент бойынша 10 ардагерге сый-құрмет көрсетілді. Бұл ізгі іс-шараның негізгі мақсаты – үйінде жатып қалған ардагерлерге сәлем беріп, жағдай біліп, көңіл сұрау.

– Бейнетінің зейнетін, еңбегінің жемісін көріп, зейнеткерлік жасқа жеткен ардагерлердің арасында денсаулық жағдайына байланысты көпшіліктің ортасында бола алмайтындары бар. Біз, қоғамдық ұйымдар, әрдайым қарттардың хал-жағдайын білуге асығып тұрамыз. Биыл осымен екінші мәрте үй-үйді аралап, кенттегі бірнеше ардагерге барып, сый-сия­патымызды көрсеттік. Әрине, демеушілердің арқасында мұндай игі іс жүзеге асуда. Қартын сыйлаған ауданымызда үлкен кісілер қамқорлыққа алынған, кейінгі буын ауданға қатысты шаруаларды да ардагерлермен кеңесіп отырады. Ардагерлер қазіргі таңда билік пен халықтың арасындағы алтын көпірге айналып отыр. Сондай-ақ өзекті мәселелердің шешілуіне лайықты үлес қосып, елдің бірлігін сақ­тауда ақыл-кеңестерін айтып, өз тәжірибелерімен бөліседі. Бірлескен жұмыстың арқасында ауданымыз дамып, күннен-күнге көркейіп келеді, – дейді Тереңөзек кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Сталбек Тобағұлов.

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білген аудан азаматтары ардагерлерге осылайша құрмет көрсетіп, зейнеткерлік жасқа жеткен қазыналы қарттарға қамқорлық танытуда. Жыл сайын 80-90 жасқа келген ардагерлерге кент әкімдігі мен кент ардагерлері кеңесі сый-сияпат жасап, құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырған.

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ

25 қараша 2025 ж. 67 0