Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жабайы жыртқыш аңдардың жекелеген түрлерінің саныН шектеу

Жабайы жыртқыш аңдардың жекелеген түрлерінің саныН шектеу

«Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде экобиологиялық тепе-тендікті сақтауды ескере отырып, аудандағы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, іс-шара жоспарлануда. Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевтың 2014 жылы 12 желтоқсан №32 шешіміне сәйкес «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне облыстық бюджеттен қаржы қаралып, 2018 жылы Сырдария ауданының көлемінде, жыртқыш аңдарды (ересек қасқырлар мен ересек шибөрілер) санын шектеу мақсатында көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Заңына сәйкес электронды түрде  «Конкурс» тәсілі арқылы жүзеге асырылатын болады. Осы жыл көлемінде атқарылатын шараны ұйымдастырушы ретінде яғни тапсырыс беруші «Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Барлық жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді келісім шарт талаптары  арқылы жүзеге асырылады:
Аңшылар мен аңға шығушыларды материалдық ынталандыру мақсатында;
1) Әр бір олжаланған ересек қасқырға (терісінің құныңсыз) тиісті қаржы жылына арналған републикалық бюджет туралы заңымен белгіленген он еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
2) Әр бір олжаланған ересек шибөріге (терісінің құныңсыз) он еселенген айлық есептік көрсеткіштің 50 (елу) пайызы мөлшерінде сыйақы көзделген: Осыған қосымша тасымалдау, ұйымдастыру және басқа да шығындарының қаржысы қаралған.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын әуесқой аңшыларды «Мемлекеттік сатып алу» веб-порталы арқылы осы ұйымдастырылып жатқан іс-шараға қатысуға болады.

 «Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
09 қаңтар 2018 ж. 1 279 0