Негізгі 10 бағытқа тоқталды
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын түсіндіру мақсатында ЗК-169/4 мекемесінің мәжіліс залында мекеме қызметкерлерінің қатысуымен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің кадр жұмысы тобының бас маманы әділет аға лейтенанты А. Ертай, заң тобының бас маманы Б. Абдиев, ЗК-169/1 мекемесінің кадр жұмысы тобының жеке құрам бойынша аға инспекторы әділет майоры А. Әлназаров жолдауды таныстырды.
Жолдаудың оның негізгі 10 бағытына тоқталып өтті. Бұл жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды. Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған тәуелсіз Қазақстанды құрдық. Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек –деп елбасымыз айтқан болатын. Бұл жолдауда барлық сала қамтылған. Әр сала бойынша тапсырылған жұмыстар өз қарқынымен жұмыс жасаса еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналады.
Мекеме ұжымы Жолдауын толықтай қолдап жаңа заманға сай болу үшін жұмыла еңбек етіп, Қазақстанның жарқын болашағы жолында биік мақсаттарға қол жеткізетіндерін бірауыздан құптады.
Мекеме мұрағатшысы И.Жаңбыршиева
Пікір 2