Денсаулық сақтау саласына жүктелер міндет көп

Бұл жиынға «Нұр Отан» партиясының Сырдария аудандық филиалының кеңесшісі Б.Ахметов қатысып, өз пікірін білдіріп, Елбасы Жолдауының 10 міндетіне тоқталып өтті. Сондай-ақ, басқарманың санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау және қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Ж.Нұрсұлтанова Жолдаудың 7-ші бағыты Денсаулық сақтау қызметіне қатысты екенін жеткізіп, болашақта қоғамдық денсаулықты сақтау қызметі мен медицина саласында жаңғыру үрдісі қажет екені жөнінде атап өтті. Елбасымыз Жолдауда атап өткендей, медициналық кадрлармен қамтамасыз ету, оларды сапалы даярлау маңызды мәселе екендігі жөнінде айтылған пікірмен келісетіндігін айта кетті. Жиын барысында басқарма басшысы Е.Ұзақбаев пен бөлімше бастығы Ж.Ақылбекова Жолдаудан туындаған міндеттер бойынша өз пікірлерін білдірді. Жиын барысында басқарма мен бөлімшенің қызметкерлері де өз ойларымен бөлісті.