Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » САЛА МАМАНДАРЫ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТА БАҚ СЫНАДЫ

САЛА МАМАНДАРЫ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТА БАҚ СЫНАДЫ

Бүгін Сырдария ауданында мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау саласы органдары қызметкерлерінің және медицина саласы мамандарының кәсіби мерекелері аясында спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Жарысқа бес команда қатысып, бақ сынады. Олар аудан әкімдігінің, аудандық орталық аурухананың, аудандық полиция бөлімінің, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің және мемлекеттік кірістер басқармасы мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Сырдария аудандық филиалының мамандарынан құралған командалар.
Жарыс ән айту, эстафета, арқан тарту, қолкүресі атты төрт кезең бойынша өрбіді және қатысушыларға кәсіби біліктілігі жоғары сала ардагерлерінен құралған қазылар алқасы баға берді.
Тартысты өткен спорттық жарыста аудан әкімдігінің "Болашақ" құрамасы жалпы командалық есепте 12 ұпаймен жүлделі І-орынды жеңіп алды. Ал, ақ халатты абзал жандардан құралған "Денсаулық" құрамасы 11 ұпай жинап, ІІ-орынды иеленді. Ал, ІІІ-орын тұғырынан 9 ұпай еншілеген аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің "Жалын" құрамасы көрінді.
Қалған екі құрама ынталандыру сыйлығына ие болды. Жеңімпаздарға аудан әкімінің "Дипломы" мен бағалы сыйлықтар берілді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
15 маусым 2019 ж. 614 0