Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ВЕЛОШЕРУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ВЕЛОШЕРУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау саласы органдары қызметкерлерінің және медицина саласы мамандарының кәсіби мерекелері қарсаңында аудан орталығы Тереңөзек кентінде дәстүрлі велошеру ұйымдастырылды.
Орталық алаңнан бастау алған спорттық іс-шараға 250-ден астам тұрғын қатысты. Велошеруге қатысушылар кенттің негізгі көшелері арқылы "Қызылорда-Жалағаш" автожолының бойындағы демалыс саябағына дейін жүріп өтті.
Велошеруге қатысушыларға тегін балмұздақ таратылды. Сонымен бірге, "Қызылорда-Жалағаш" автожолының бойындағы демалыс саябағында спорттық жарыстар өткізілді.
Айта кету керек, Сырдария ауданында ұйымдастырылған аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің мамандары да қатысты.
Велошеру туралы толығырақ ақпарат облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
15 маусым 2019 ж. 772 0