Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қаражаттың тиімділігі – халық әл-ауқатын арттырудың басты тетігі

Мемлекеттік қаражаттың тиімділігі – халық әл-ауқатын арттырудың басты тетігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылуы өте маңызды. Президент атап өткендей, бюджеттен бөлінетін әрбір қаржының экономикалық және әлеуметтік қайтарымы болуы тиіс. Бұл-мемлекеттік басқарудағы жауапкершілік пен нәтижелілікті арттыруға бағытталған маңызды ұстаным. Өйткені мемлекеттік бюджеттің негізгі мақсаты тек қаржы бөлу емес, сол қаражат арқылы халықтың өмір сапасын жақсарту және ел экономикасының тұрақты дамуына жағдай жасау.

Менің ойымша, бюджет қаражатын жоспарлау мен игеру барысында ең алдымен оның нақты нәтижесіне басымдық берілуі қажет. Әрбір қаржыландырылған жоба қоғамның сұранысына жауап беріп, азаматтардың күнделікті тұрмысында оң өзгеріс қалыптастыруы тиіс. Мәселен, білім беру мен денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту, жолдар мен инженерлік инфрақұрылымды дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу секілді бастамалар халықтың әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Сондықтан мемлекеттік инвестициялардың тиімділігі олардың игерілу көлемімен ғана емес, қоғамға әкелген нақты пайдасымен бағалануы керек.

Сонымен қатар бюджет қаражатын пайдалануда ашықтық пен қоғамдық бақылаудың маңызы зор. Қаржының мақсатты жұмсалуы, жобалардың сапалы орындалуы және бөлінген қаражаттың нәтижесі тұрақты назарда болуы қажет. Бұл мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттырып қана қоймай, қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін де нығайтады.

Мемлекеттің экономикалық саясатының түпкі мақсаты-тұрақты өсімді қамтамасыз етіп, оның игілігін әрбір азаматтың сезінуіне мүмкіндік жасау. Осы тұрғыда әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігі, халықтың табысын арттыру, кәсіпкерлікті дамыту және өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық теңгерімді сақтау маңызды рөл атқарады. Әсіресе бөлінген қаражаттың өңірлердегі нақты қажеттіліктерге бағытталуы жергілікті халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Жолдауда көтерілген бұл мәселе әрбір мемлекеттік шешімнің артында халық мүддесі тұруы керектігін тағы бір мәрте айқындайды. Қаражаттың әрбір теңгесі елдің дамуына, азаматтардың әл-ауқатына және болашақ ұрпақтың мүмкіндіктерін кеңейтуге қызмет етуі тиіс. Мемлекеттік қаржының шынайы құндылығы оның көлемімен емес, халыққа әкелген игілігімен өлшенеді. Сондықтан тиімділік, ашықтық және жауапкершілік-ел дамуының басты қағидаттары болуы қажет
23 қараша 2026 ж. 19 0