ДӘСТҮРЛІ ВЕЛОШЕРУ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Бүгін серпінді Сырдария ауданында «23 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күні» және «23 маусым – Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай велошеру және спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Спорттық іс-шара кент әкімі аппаратының алдынан басталды. Велошеруге қатысушылар кенттің А.Иманов, Қ.Қазантаев, И.Тоқтыбаев көшелерімен және «Әйтек» каналына жаңадан салынған көпір арқылы «Қызылорда-Жалағаш» автожолына дейін жүріп өтті.
Дендросаябақта қорытындыланған велошеруге 200-ден астам спортты серік еткен азаматтар мен мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Дендросаябақ аумағында «23 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күні» және «23 маусым – Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай арқан тарту, қол күресі, гір тасын көтеру секілді спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жарыс жеңімпаздарын облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов марапаттап, бағалы сыйлықтар мен «Алғыс хаттар» табыс етті.
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,
аудан әкімінің баспасөз хатшысы